Сарымсақ туралы әңгімені экс-министр Досқалиев айтпаған болып шықты

0
969

Профессор "коронавирустан қорғану үшін сарымсақ жеңдер" деп айтпағанын мәлімдеді.


Сарымсақ туралы әңгімені экс-министр Досқалиев айтпаған болып шықты

ERNUR.KZ. Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі мен мессенджерлерде "коронавирустан қорғану үшін сарымсақ жеу керек" деген аудиожазба тарап жатыр. Оның авторы бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Жақсылық Досқалиев делінген, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Аудионы мен де тыңдадым. Ол менің дауысым емес. Мен ондайды ешқашан айтпаймын. Бұл – бос әңгіме. Мұның не үшін жасалып жатқанын да білмеймін", - деді Досқалиев.
Профессордың айтуынша, коронавирустан қорғану үшін әр адам жеке гигиеналық-санитарлық нормативтерді сақтауы керек.
"Кез келген ортада бірінші болып байланыс жасайтын ол адамның қолы. Барлығын қолмен ұстап көреміз. Инфекция әр затта болуы мүмкін. Адам үйге кірген кезде міндетті түрде қолын жууы керек. Адам лифт ішінде лифт тетігін басады. Көпқабатты үй болса, сатылармен көтерілген кезде де қолымен ұстайды", - деді дәрігер.
Оның айтуынша, көпшілік жерде медициналық бетперде тағып жүрген жөн. Алайда көшеде жаппай бетперде тағып жүрудің қажеті жоқ.
"Адам көп баратын ойын-сауық кешендерінде бетперде киіп жүру керек. Қажет болмаса, көпшілік жерге бармаған жөн. Бұл инфекция елімізге кірген жоқ. Жаппай бетперде тағып жүретіндей жағдай туып тұрған жоқ", - деді ол.