Сәтбаев қаласында екі ер адамның мәйіті табылды

0
867

Тәртіп сақшылары қаза тапқандардың аты-жөнін анықтады.


Сәтбаев қаласында екі ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында полицейлер екі ер адамның мәйітін тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

16 ақпанда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне қаладағы пәтерлердің бірінде екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оларды өлтіріп кеткен. Тәртіп сақшылары қаза тапқандардың аты-жөнін анықтады.

«Жедел-іздестіру барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.