Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы көз жұмды

0
540

Қаралы хабарды саясаткердің өзі хабарлады.


Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы көз жұмды

Қазақстан президенттігіне үміткер болған Әміржан Қосановтың анасы қайтыс болды. Қаралы хабар саясаткердің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қосанов парақшасында жас кезіндегі "Жаратқанға жалбарыну" деген өлеңінен үзінді келтіріпті:

"...Екінші тілек – дара шын,
Құлдықты сала сұраймын:
Аман болсын анашым -
Аққызы Нағашыбайдың", -деп жазыппын.
Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті...", делінген жазбада.

Еске сала кетелік, саясаткер және қоғам қайраткері Әміржан Қосанов 2019 жылы өткен президенттік сайлауға қатысты.