​"Саяси болашағымды қауіпке тіктім". Назарбаев көріпкелдің болжамы жайлы қауесетке жауап берді

0
1 581

"Иә, боран болады. Бір кездері әуежай тәулік бойына жабылғаны да бар, тікұшақ қона алмағандықтан, Көкшетаудан пойызбен келуіме тура келген. Бірақ туған жердің жаманы бар ма?", - деп атап өтті Назарбаев.


​

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында астананы ауыстыру шешімі және өзіне тағылған айыптарға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жалпы алғанда әлемде астаналар 140 рет ауыстырылған. Себептер әртүрлі. Джордж Вашингтон елсіз жазықта жаңа астана салғанда, ол да үлкен сынға қалған болатын. Маған да талай сынды естуге тура келді. Бір газетте "Президент Назарбаевтың жеке астанасы" деген тақырыппен мақала да жаряланды. Онда ешқандай да стратегиялық жоспар қыруар қаржыны еңбекақы, зейнетақы төлеу мен басқа да мәселелерді шешуден бұрып алуға болмайтыны жазылған", - деп есіне алды президент.

Оның сөзінше, ол кезде Ақмолада жазда аңызақ жел соғады, ал қыста қар астында қалады, қаланың өзі саздың үстінде тұр деген сөздер көп болған.

"Иә, боран болады. Бір кездері әуежай тәулік бойына жабылғаны да бар, тікұшақ қона алмағандықтан, Көкшетаудан пойызбен келуіме тура келген. Бірақ туған жердің жаманы бар ма?", - деп атап өтті Назарбаев.

"Газеттер мен телеарналар Ақмоладағы маса туралы тоқтаусыз көрсетті. Бірақ ондай ешбір материалға мен жүйкемді жұқартқаным жоқ. Уақыт та болмаған еді. Ештеңеге қарамастан, мақсатыма ұмтылдым. Ал еріккен сөздер кейін басылды", - дейді ол.

Президент басқа жайларды да есіне алды. "Кей адамдар Назарбаевқа бір көріпкел 1997 жылы алапат зілзаладан Алматының күлі ғана қалатынын айтқандықтан президент астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады дегенге сенеді. Астананы ауыстыру шешімі арқылы мен саясаттағы болашағымды қауіпке тіккенімді тереңірек түсіндім. Бірақ біз іске кірісіп кеткен едік. Ақмолаға күнде барып тұрдым десе де болады. Әуежайдан түсе сала, тура құрылысқа тартатын күндер көп болды", - дейді Назарбаев.