Киіну бөлмесіндегі кикілжіңнің соңы пышақтаумен аяқталған
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Көрнекі сурет Семейде өзінің әріптесін пышақтаған № 30 әскери бөлімінің қызметкеріне қатысты үкім шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.
Семей гарнизонының әскери сотының хабарлауынша, 15 мамырда сағат 15:00-де № 30 әскери бөлімінің киіну бөлмесінде келісімшарт қызметіндегілердің арасында кикілжің туып, әріптесі оң жақ іш қуысына пышақпен ұрып жәбірленушінің денсаулығына қатты зиян келтірген.
Сот отырысында жауапкер өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келді. Сотталушы бірнеше бап бойынша айыпталды:
"Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын жәбiрленушiнi ұрып-соғудан, денсаулығына жеңiл зиян келтіруден немесе өзге де күш қолданудан көрінген не оның абыройы мен қадiр-қасиетiн түсіруге немесе қорлауға байланысты бұзу" және Бөлiмнiң тәулiктiк нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кiретiн адамның iшкi қызмет атқарудың жарғылық қағидаларын бұзуы".
Семей гарнизонының әскери соты әскери қызметшіні 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Үкім заңды күшіне әлі еңген жоқ.