Семейде баласы анасын балконға қамап тастаған

0
1 157

Әйел балконда шамамен 40 минуттай тұрған


Семейде баласы анасын балконға қамап тастаған

ERNUR.KZ. Кеше Семейдің құтқарушылары балконға қамалған жас әйелді құтқарып алды, деп жазады altaynews.kz.

Қостанай көшесінің тұрғыны өз үйінің балконында қамалып қалады. Балконның есігін екі жасар баласы жауып тастаған екен. Үйге енді кіре алмасын білген ана көшеден өткен жүріншілерден құтқарушыларды шақырып беруін өтінеді.

Құтқарушылар бесінші қабаттың балконынан төртінші қабатқа түсіп, есікті альпинистердің құрал-жабдығымен ашып береді. Ана осы уақыт ішінде үздіксіз жылаған баласын сонда ғана уатады. Жас әйел, шамамен, 40 минуттай балконда тұрған екен.