Семейде полиция өз әріптесін көлікпен қағып өлтірді

0
1 564

​Жол апаты бүгін, 2 қаңтар күні таңға жақын Семей маңындағы Приречное ауылында болған.


Семейде полиция өз әріптесін көлікпен қағып өлтірді

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең полиция қызметкері Семейге жақын орналасқан ауылы Шүлбіге бара жатқан. Жол ортада көлігі аударылып кеткен, деп жазады Экспресс К.

"Ол көлігінен өздігінен шыққанмен, басынан жарақат алған сияқты көрінді, сондықтан теңселе трассаға шығып кеткен. Сол жерде оны басқа көлік қағып өлтірді", - дейді куәгерлер.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департментінің баспасөз қызметі растай отырып, полиция қызметкерін қаққан адам да полицияда жұмыс істейтінін хабарлады.

"2 қаңтар күні таңғы сағат 04.00 шамасында Семей-Өскемен тас жолының 25 шақырымында Семейден келе жатқан Lada-2170 маркалы көлік иесі жолға шығып кеткен жаяу жолаушыны қағып кетті. Жаяу адам алған жарақаттарынан көз жұмды", деп хабарлаған ШҚО Полиция департаменті.

Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

"Жол апатынан қаза тапқан адам да, оны қаққан адам да полиция қызметкерлері. Бірақ, екеуінің бір мезетте бір жерде болғаны бір-бірімен байланысты емес. Екеуі де үйіне бара жатқан", деп хабарлады дереккөз.