Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты ұқыпсыз пайдалану себеп болған.
ERNUR.KZ. Семейде жер үй өртеніп, әйел адам көз жұмды, деп жазады Semeynews.kz.
Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 01:31-де Шығыс саяжай массивінде жер үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үйдің ағаш қабырғалары, едені және төбе жабындылары, есік және терезе блоктары, жиһаздары мен жеке заттары өртенген. Өрттің жалпы алаңы 20 шаршы метр. Өкінішке орай, адам өлімі орын алды. Барлау барысында зал бөлмеде өртеніп кеткен әйел адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 7 адам, соның ішінде 2 бала үйден өздері шығып үлгерген», – деді баспасөз қызметінде.
Өрт шығуының алдын ала себебі: электр қондырғыларын дұрыс орнатылмауы, темекі шегу кезінде отты ұқыпсыз пайдалану.