Семейде жүзге жуық адам карантинге қарсы ереуілге көтерілді

0
557

ШҚО-да шектеу шаралары жеңілдемейді.


Семейде жүзге жуық адам карантинге қарсы ереуілге көтерілді

ERNUR.KZ. Семей қаласының кәсіпкерлері карантиндік шектеу шараларын жеңілдету талабымен кезекті рет алаңға жиналды. Шағын және орта бизнестің 50-ден астам өкілі қала әкімі Ермак Сәлімовпен кездесіп, наразылықтарын білдірді, деп жазады zakon.kz.

Кездесу барысында індеттің облыс аумағында таралу қарқыны артып, Шығыс Қазақстан "Қызыл аймаққа" енгізілген тұста, қандай да бір босаңсулар мен жеңілдіктер туралы сөз айту орынсыз екені атап өтілді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің өз беделдері мен сенімдеріне өздері нұқсан келтіріп отырғаны айтылды. Екінші толқын кезінде наурыз-маусым айларындағыдай қатаң шаралар қабылданбады. Дегенмен, кәсіпкерлер соның өзінде бұзушылықтарға жол беріп отыр. Соңғы мысал - Семей мейрамханаларының бірінде ұйымдастырылған үйлену тойы. Онда танымал спортшылар, өнер адамдары, көшбасшы жастар, бизнесмендер және шоумендер жиналғаны белгілі. Бір қызығы, рұқсат етілмеген салтанатты мерекеге қатысқандардың кейбіреулері коронавируспен ауырып шыққандардың қатарында. Біз барлық ережелерді сақтау қажеттілігі туралы жерлестерімізге үндеу тастадық. Алайда, бұл оларға кедергі келтірмеді, барлық тыйымдар мен шектеулерді бұзып, той өткізді.

Өкінішке қарай, мұндай жағдай біреу ғана емес. Осы кезеңде барлық кәсіпкерлерге уақыт пен адам саны бойынша шектеулермен, қашықтықты, маска режимін және дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етілді. Алайда, соған қарамастан, кейбір бизнес өкілдері бұрынғыдай жұмыс істеп, карантиндік шектеулерді жеңілдетуді талап ете аламыз деп санайды. Мұндай қарым-қатынас арқылы олар бизнес субъектілеріне деген сенімді бұзып қана қоймай, өздері де COVID-19 таралуына ықпал ететінін түсіну керек. Семей кәсіпкерлерімен кездесуде COVID 19 жағдайы тұрақталғанға дейін жеңілдіктің болмайтындығы туралы биліктің нақты ұстанымы айтылды.

Себебі, біз тек осылай ғана қауіпті инфекцияның өршуіне жол бермейміз.