Семейдегі салалық кәсіподақ басшылары Мейрам Қажыкенмен кездесті

0
710

Мемлекеттік қызметтегі жұмысшылардың мүдделері жайын сөз етті.


Семейдегі салалық кәсіподақ басшылары Мейрам Қажыкенмен кездесті

Семейде Абай облысының кәсіподақ жетекшілері ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкенмен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Олар әскери қызметшілердің, денсаулық сақтау саласының, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызметтегі жұмысшылардың мүдделері жайын сөз етті.


Алғашында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, кейін қойылған сұрақтарға жауап берді. Азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде тәуелсіз кәсіподақ қозғалысының дамуы жайындағы пікір алмасу өтті. Осыған байланысты М.Қажыкен әр түрлі саладағы жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары және мүдделерін қорғау жөніндегі ұйымдарды қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті.


«Кәсіподақтардың мәртебесін көтеріп қана қоймай, нығайту керек деп санаймын. Бұл менің ұстанымым. Әлеуметтік әріптестер: мемлекеттік және жұмыс беруші ұйымдар арасындағықатынастарда кәсіподақтардың тәуелсіздігіне қол жеткізу керек.Кәсіподақтарды қоғамдық ұйым ретінде саяси және экономикалық шешімдер қабылдау жүйесіне тарту қажет», – деп атап өтті кандидат.


Әңгімелесу барысында тараптар еңбек заңнамасында толыққанды еңбек демалысын алу, ем қабылдау парақтарындағы қаражаттарды төлеу және т.б. шарттарды сақтау мәселелерін талқылады. Олар бұл бағыттағы заңды әзірлеп, қабылдау және әлеуметтік институтты дамыту қажет дегенқорытындыға келді.