Сенат депутаттары бір күндік жалақыларын Шығыс Қазақстанға аударады

0
1 462

​Парламент Сенатының депутаттары бір күндік жалақысын Шығыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынынан зардап шеккендерге аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Сенат депутаттары бір күндік жалақыларын Шығыс Қазақстанға аударады

фото: parlam.kz

Парламент Сенатының депутаттары бір күндік жалақысын Шығыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынынан зардап шеккендерге аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар су тасқынынан зардап шегуде. Өңірде қардың аз түсуінен топырақ қабаты 1,5-2 метр тереңдікке дейін тоң болып қатқан. Сонымен қатар оның күрт еруі әрі толассыз жауын-шашын салдарынан өзендерде су деңгейі шамадан тыс көтерілуіне байланысты бес қала ( Аягөз, Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Семей) және 12 аудан су тасқынына ұшырады. Осыған байланысты бірқатар аудандарда төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті атқарушы орган табиғи апатқа байланысты тиісті шаралар қабылдауда. Барлық шығысқазақстандықтар жұмылып, тілсіз жауға қарсы белсене күресіп жатыр. Алайда техника мен адам күші барынша жұмылдырылуына қарамастан, орын алып отырған жағдай қосымша қаржылай қолдауды қажет етеді», - деп тоқталды сенатор Дүйсенғазы Мусин Сенаттың жалпы отырысында. Осы орайда Д. Мусин бұл мәселеде ауызбіршілік пен ағайыншылықты, қамқорлық пен көмек көрсету қажеттігін атап өтті. «Әріптестер, су тұтқынында қалған және табиғи апат салдарынан үлкен қиындықтарға кез болған Шығыс Қазақстан облысындағы отандастарымызға көмек қолын созып, 1 күндік жалақымызды аударуды ұсынамын. Осылайша, біз қиын уақытта қолымыз жетпесе де, көңіліміз бен жүрегіміз осы өңір халқымен бірге екенін көрсетіп, ұсынысымды қолдауларыңызды сұраймын», - деді депутат. Өз кезегінде Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сенатордың бұл ұсынысына қолдау білдірді. «Қарсылық болмайды ғой. Жақсы ұсыныс. Шешім қабылданды деп есептейміз. Бұл біздің Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көрсеткен көмегіміз болсын», - деді Тоқаев.