Сенат спикері Күдебаевтың түрмедегі суреті туралы: Қылмыстық кодексті тағы қараймыз

0
651

Сенат төрағасы қылмыстық-атқару жүйесіндегі бұл деректер салада өткір проблема бар екенін көрсетті деп отыр.


Сенат спикері Күдебаевтың түрмедегі суреті туралы: Қылмыстық кодексті тағы қараймыз

ERNUR.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев желіде тарап кеткен сотталған Серік Күдебаевтың түрмедегі суреті мен Ақмола облысында түрмедегі азаптау оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп жазады baq.kz.

Осы оқиға бойынша тиісті тергеу жасалады. Жауаптылардың барлығы заң аясында жазаға тартылады. Оған ешқандай күмән болмауы тиіс. Бұл мәселелерді ескере отырып, Қылмыстық кодексті тағы қарап шығамыз. Сондықтан қажет болған жағдайда, тиісті нормаларды пысықтауға дайынбыз. Жалпы мұндай жағдайларды болдырмау үшін құқық қорғау органдары тиісті іс-шараларды жүзеге асыруы керек, - деп атап өтті Сенат төрағасы.

Сондай-ақ спикер Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі суретіне қатысты сұраққа жауап берді.

Сенат төрағасы қылмыстық-атқару жүйесіндегі бұл деректер салада өткір проблема бар екенін көрсетті деп отыр.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бар және бұл комитет құқық қорға органдарымен тығыз байланысты жұмыс істеп жатыр. Аталған комитет құрамындағы депутаттар Үкімет мүшелерін шақырып, бұл мәселеге қатысты тағы да талдау жасаймыз. Қылмыстық-атқару жүйесінде проблемалардың бар екенін мойындауымыз керек, - деді Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетейік, 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде Атбасар ауданындағы №1 түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға күш қолданғаны туралы видео тараған еді.

Сондай-ақ Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесінде дастархан басында отырған суреті тараған болатын.