Сергей Громов экология вице-министрі қызметіне тағайындалды

0
862

Бірер күн бұрын ол сенаторлықтан алынған.


Сергей Громов экология вице-министрі қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Николаевич Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сергей Громов 1959 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

1981 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын гидромелиорация мамандығы бойынша, 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы мамандығы бойынша, 2002 жылы Әулие Ата университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтында оқытушы болып бастаған.

1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Түрлі жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімі, әкімнің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2011 жыл аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының аппарат басшысы, төрағасының орынбасары, хатшысы болды.

2011 жылғы қыркүйектен 2013 жыл аралығында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымын атқарды.

2013 жылдың тамызынан 2016 жылдың қаңтары аралығында — V шақырылымындағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2016 жылдың қаңтарынан қазірге дейін — ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.