Талдықорғанда сот заңсыз он күн демалыс алған әскери қызметкерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ
Талдықорғанда сот заңсыз он күн демалыс алған әскери қызметкерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мамырдың басында сержант әскери қызметтен уақытша босағысы келеді. Ол әкесі қайтыс болғаны туралы рапорт жазып, отбасылық жағдайына байланысты он күн демалыс алған. Дегенмен тексеріс кезінде әкесі аман-есен екені анықталған.
Бір айдан кейін қылмыстық іс Талдықорған гарнизонының әскери сотында қаралды. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамға алдау жолымен әскери қызметтен жалтарды деген айып тағылды.
Сот әскери қызметкерді кінәлі деп танып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 120 мың теңгеден астам айыппұл салу түрінде жаза белгіледі.