"Шаһар мектептеріне барып, балаларды атамыз": Ақтөбеліктердің үрейін ұшырған күдікті табылды

0
514

Үрейлі хабарлама таралғаннан кейін полиция білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қолға алған болатын.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі арқылы "Шаһар мектептеріне барып, балаларды атамыз" деген сарында жалған ақпарат таратқан адам жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны болып шықты, деп жазады Inbusiness.kz.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды",- делінген ақпаратта.

Естеріңізге салсақ, үрейлі хабарлама таралғаннан кейін полиция білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қолға алған болатын. Әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпараттар тарап, халық біраз дүрлікті. Тіпті, балаларын ертең мектепке жібермеуге бекінгендер де көп болды. Жұртшылықты әбігерге салуды көздеген мұндай хабарлама бұған дейін Ресейдің бірнеше қаласында да таралған.