​Шахтинскіде фин технологиясы бойынша жаңа балабақша салынады

0
1 652

Сондықтан айына 30 000 мың теңгенің орнына біз бір баладан 13-15 мың теңге аламыз, сондықтан әзірге біздің сәбилер балабақшасы «минусқа» өтіп кетті деуге болады


​Шахтинскіде фин технологиясы бойынша жаңа балабақша салынады

Шахтинскіде балабақшаға кезекті толығымен жою жоспарланып отыр. Ол үшін келесі жылы мұнда 320 орынға шақталған фин технологиясы бойынша балабақша салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа жұмыс сапары барысында Шахтинск қаласының білім бөлімі жетекшісі Николай Онсович мәлімдеді.

- Біздің қаламызда сегіз балабақша қызмет етеді. Олардың әрқайсысында 1-ден 3 үш жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған ерте дамыту топтары бар. Сондай-ақ жекеменшік «Капуста» сәбилер балабақшасы жұмыс істейді. Бір жастан үш жасқа дейінгі 300 бала кезекте тұр. Біз оны келесі жылы жабамыз. 320 орындық балабақша салуға дайын инвестор табылды, - деді ол.

Жаңа ғимарат қабырғалық панельдерден фин технологиясы бойынша салынады. Соның арқасында балабақша небәрі жарты жылда салынып бітуі тиіс. Мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады. Жергілікті бюджеттен әр балаға 26 000 теңге бөлінеді, ата-аналар болса айына 11 мың теңге төлейді. Мұндай әріптестік құру үшін барлық құжаттар дайындалып қойған.

- Біз МЖӘ бағдарламасы бойынша жұмысымыздың басталуын күтудеміз. Әзірге ата-аналар үшін төлемақы мөлшері жоғары – күніне 1300 теңге. Бірақ балалар кішкентай болғандықтан, олар бейімделу кезінде өте жиі ауырады. Сондықтан айына 30 000 мың теңгенің орнына біз бір баладан 13-15 мың теңге аламыз, сондықтан әзірге біздің сәбилер балабақшасы «минусқа» өтіп кетті деуге болады, - деді «Капуста» сәбилер балабақшасының директоры Елизавета Уманцева.

Шахтинск облысымыз бойынша 1-3 жас аралығындағы сәбилердің балабақшаға кезегін толығымен жабатын алғашқы қала болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының арқасында балабақшаларға балаларды 1 жастан 6 жасқа дейін беруге болатын ереже теңестірілді. Бұл бағдарлама бойынша жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі мекемелерде айына бір балаға 26 000 теңге мемлекеттік тапсырыс орналастырады. Ата-аналар айына тек 11 000 теңге төлейді.