Баланың тыныс алуы қиындап, тумасынан пневмонияға шалдыққаны анықталды.
ERNUR.KZ. Жүктіліктің 31-аптасында туған шақалақ облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді, деп жазады zakon.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, шала туған нәрестені санитарлық авиация көмегімен транспорттау туралы өтініш 31 желтоқсанда түнгі сағат 04:30-да келіп түсті. Баланың тыныс алуы қиындап, тумасынан пневмонияға шалдыққаны анықталды.
Облыс орталығынан неонаталды бригада жеткізілді. Бір сағат ішінде бала жағдайы тұрақтандырылып, содан соң нәресте Павлодарға жеткізілді. Сағат 11:00-де бала перинаталды орталық мамандарының қолына берілді.