Шамалғанда жаппай төбелестің арты атысқа ұласты

0
480

Полицияның дерегі бойынша екі ауылдың азаматтары төбелескен.


Шамалғанда жаппай төбелестің арты атысқа ұласты

ERNUR.KZ. Шамалғанда 30-дай адам жаппай төбелесіп, артынан оқ атылған, деп жазады 24.kz.

Бір адам ауруханаға түсті. Оқиға 7 наурыз күні болған. Полицияның дерегі бойынша екі ауылдың азаматтары төбелескен. Ал оның неден басталғанын тергеушілер анықтап жатыр.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, осы оқиғаға қатысы бар екі автокөлік анықталған. Түрлі калибрдегі оқ пен босаған гильзалар да табылды. Төбелеске қатысқандар шаммен 25-30 жас аралығындағы азаматтар.