Шамалғандағы апат: Автобус жүргізушісі есікті ашпай қойды – куәгер

0
1 551

Көліктің алдында да, артында да кептеліс болған.


Шамалғандағы апат: Автобус жүргізушісі есікті ашпай қойды – куәгер

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Шамалған стансасында болған апаттың қалай болғанын жолаушылардың бірі айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Барлығымыз шуладық, есікті аш деп шырылдадық. Көзі байланып қалды. Құдай көріп тұр. Пойыз келе жатыр. Бәріміз ішіндеміз, шырылдадық. Есікті ашпады. Мен артында отырдым. Автобус адамға толы болды. Көліктің алдында да, артында да кептеліс болды. Ол жерде шынымен шығатын жер жоқ. Автобус жүргізушісі есікті ашпай отырды. Енді ол қайтыс болды. Бірақ шыны керек, оның көзі байланды. Мына жерге көпір керек. Мен Жамбыл ауылынан вокзалға бара жатқанмын. Қаскелең жақтан келе жатқанмын. Бізге көпір керек бұл жерге. Өмірі көпір саламыз дейді, салмайды», деді өзін куәгер, әрі автобустың ішінде болған жолаушының бірімін деп таныстырған Қайратбек Қалдықұлов.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін 19:30 минутта Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 9 адам жараланған.