Шарбақты тас жолында жас жігіт жоғалып кетті

0
540

Еріктілер Жанат Инцыбаевты іздеу шараларын жалғастыруда.


Шарбақты тас жолында жас жігіт жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Шарбақты тас жолында жас жігіт жоғалып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Vita іздеу жүйесінің мәліметінше, жас жігіттің анасы әлі күнге дейін ұлын сағынып, әр күнін жылаумен өткізуде.

«Әлеуметтік желідегі жоғалған адамдарды іздестіру туралы жарияланған ақпараттың астында көбі Жанат туралы сұрастырып жатады. Біздің де отбасымыз, жұмысымыз және басқа да іздестіретін адамдар бар. Өкінішке орай, ол әлі табылмады. Дегенмен іздеу жұмыстары жалғасуда. Күнделікті біздің негізгі аккаунт сторисінде қай жерлерді іздеу жүріп жатқанын көрсетеміз», – дейді еріктілер.

Еске сала кетейік, Жанат Инцыбаев 13 шілдеге қараған түні Шарбақты тас жолында жоғалып кеткен. Оның артынан жүгірген анасы ұлын тоқтатып үлгермеді және ешкімнен көмек сұрай алмаған. Себебі, өтіп бара жатқан адамдар жігітті мас деп ойлаған. Бұған дейін анасы ұлы туралы қандай да бір ақпарат болса немесе жолда көріп, алып кеткен адамдар болса, хабарласуды өтінген.

Хабарсыз кеткен жігіт өзін біртүрлі ұстауы мүмкін, алайда алкоголь тұтынбайды, шылым шекпейді.

Еріктілер Жанат Инцыбаев туралы қандай да бір мәлімет болса, 8 747 615 55 63 (Катерина), 8 777 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.