Шеге үстінде тұрып кеудені жерден көтеруден рекорд орнатылды

0
2 145

Қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаев үш шегеге (ұзындығы 30 сантиметр) тұрып кеудені жерден көтеру спорты бойынша Қазақстан рекордын орнатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шеге үстінде тұрып кеудені жерден көтеруден рекорд орнатылды

Қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаев үш шегеге (ұзындығы 30 сантиметр) тұрып кеудені жерден көтеру спорты бойынша Қазақстан рекордын орнатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл рекордқа елордадағы «Қазақ Елі» монументі маңындағы алаңда Наурыз мейрамын мерекелеуге жиналған жұртшылық куәгер болды.

«Мұндай жаттығуды істеу оңай емес. Тепе-теңдікті сақтау өте қиын, яғни күнделікті өмірде кеудені жерден көтеру жаттығуын жасап жүрген адамдар осыны жақсы біледі. Үшжүздік шегеге тұрып, тепе-теңдікті сақтап, осындай батыл қадамға бару - кез келген адамның қолынан келе бермейді. Жаңа сахнадағы есептеу барысында 13 рет саналды, бірақ біз 11 санын тіркейміз. Себебі 11 мәрте таза жасалды. Тимур бұған дейінгі дайындық кезінде шегенің үстінде тұрып кеудені жерден 20 рет көтерген болатын. Дегенмен де, осының өзі үлкен жетістік. Бұл ретте біз өзіміздің құттықтауымызды жеткізгіміз келеді және Қазақстан рекордтар кітабының сертификатын табыстаймыз. Аталған сертификат шегеде тұрып осы жаттығуды елімізде бірінші болып жасаған Тимур Спатаевтың Қазақстан рекордтар кітабына ресми түрде енгенін растайды», - деді Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Шыңғыс Құдайбергенов.

Өз кезегінде Тимур Спатаев қол жеткізіп отырған бұл жеңісін Наурыз мейрамында Астананың 20 жылдығына арнайтынын атап өтті. «Бүгін «Қазақ Елі» монументі алаңында Қазақстан рекордын орнаттым. Осы орайда жастарға, бүлдіршіндерге спортпен шұғылданып, өзінің алға қойған мақсатына жетіп, биік табыстарды еңсерсін деп тілеймін. Осы шарада қолдау білдірген ел халқына үлкен алғысымды айтамын. Бұдан ары қарай да рекордтарды жаңартуға тырысамын», - деп тоқталды Тимур Спатаев.

Фото және видео ҚазАқпарат-қа тиесілі