Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді

0
1 137

Бүгінде Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз кіре алады. Ал шетел азаматтарына республикадан шығуға рұқсат берілген.


Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шекараның ашылуына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Олег Фисенконың айтуынша, шекарадан өтуге қатысты шектеулер бір-бірте алынады. Бірақ кем дегенде үш көрсеткіш ескеріледі.

"Шекараны ашу және бұрынғы тәртіпті қалпына келтіру мәселесі кезең-кезеңмен кешенді талдаудың негізінде қаралады. Сол кезде кем дегенде үш көрсеткіш ескеріледі. Соның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, халықаралық әуе және теміржол қатынасының қалпына келуі және сол елдердегі эпидемиологиялық жағдай бар", - деді Фисенко бүгінгі онлайн брифингте.

Бүгінде төтенше жағдай аяқталса да, карантинге байланысты шекарадан өтуге шектеулер енгізілген. Оған сәйкес, республикадан тыс жерге себепсіз шығуға болмайды. Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз кіре алады. Ал шетел азаматтарына республикадан шығуға рұқсат берілген.
Шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, пойыз бригадаларына, жүк автокөліктерінің жүргізушілеріне, қатты ауратын туған-туыстарын күтуге баратындар және басқа бірқатар санаттарға тарамайды.