Шетелден Нұр-Сұлтанға келген 101 жолаушы карантинге жатқызылды

0
452

Олардан ПТР-тест алынады.


Шетелден Нұр-Сұлтанға келген 101 жолаушы карантинге жатқызылды

ERNUR.KZ. Бүгін түнде Нұр-Сұлтан әуежайына 6 ұшақ қонды. Онда болған 101 жолаушыда ПТР сынағы болмаған немесе қолдағы анықтамасының мерзімі өтіп кеткен, сондықтан олар стационарлық ауруханаға карантинге орналастырылды, деп жазады zakon.kz.

Бұл жолаушылар Turkish Airlines, Air Astana, Belavia және Flydubai әуекомпаниясы рейстерінен түскен.

Карантинге орналастырылған жолаушылардан ПТР-тес алынып, нәтижесі шыққан соң үйлеріне жіберіледі. Егер КВИ анықталса, ондай адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі.