Шілдеде Қазақстаннан Жапонияға жаңа әуе рейсі ашылады

0
912

2019 жылдың 2 маусымынан бастап «СКАТ» әуе компаниясы «Нұр-Сұлтан - Прага» бағытында тұрақты рейстерді бастады.


Шілдеде Қазақстаннан Жапонияға жаңа әуе рейсі ашылады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан мен Мәскеу аралығында әуе рестерінің саны артады. Бұл туралы Парламент Сенатында көлік-логистикалық қызметтерді дамытуға арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз жақында Ресейдің көлік министрлігімен «Нұр-Сұлтан-Мәскеу» аралығында әуе сапарларының жиілігін арттыру бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Яғни, әр тараптан аптасына 12-ден 21-ге дейін көбейту ескерілген. Осы орайда екінші тасымалдаушы бекітілді. «Эйр Астана» аптасына 14 рейс, ал «СКАТ» 7 рейсті орындайды. Осы арқылы, күн сайын аталған бағытта 6 рейс қамтылады. Бұл шаралар билет құнын арзандату мақсатында іске асырылды», - деп түсіндірді Камалиев.

Бұдан бөлек ол жаңа рейстер туралы айтып берді.

«2019 жылдың 2 маусымынан бастап «СКАТ» әуе компаниясы «Нұр-Сұлтан - Прага» бағытында тұрақты рейстерді бастады. Сонымен қатар, «Нұр-Сұлтан - Ұланбатыр» аралығында рейс ашылды. 6 шілдеде «СКАТ» әуе компаниясы мемлекеттік қолдаумен және субсидиялаумен Токиоға рейстер ұшырады. Сондықтан виза болған жағдайда осы рейстің мүмкіндігін пайдалануға болады»,- деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, биыл күзде Шанхай бағытында рейсті іске қосу жоспарланып отыр. Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтаннан Токиоға қатынайтын әуе рейсін мемлекет субсидиялайтынығын жазған болатынбыз.