Өңірде 6 сәуірден бастап жеке көлікпен жүруге шектеу қойылады.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа байланысты көлік қозғалысы ережелеріне өзгертулер енгізілді, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл туралы өңір әкімі Даниал Ахметов айтты.
"6 сәуірден бастап жеке көлікпен жүруге шектеу қойылады. Күнтізбенің жұп сандарында көлік нөмірі жұп санмен аяқталатын (0-ді қосқанда) жүргізушілер, ал күнтізбенің тақ сандары кезінде көлік нөмірі тақ санмен аяқталатын жүргізушілер қалада жүре алады. Сондай-ақ, 6 сәуірден бастап Өскемен мен Семей аумағында тек өткізу қағазымен жүруге болады", - деді ШҚО әкімі.
Оның айтуынша, өткізу қағазының бірінші түрі - қала тұрғындарының тіршілігі қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлеріне беріледі. Екінші түрі - әрбір отбасыға беріледі, яғни ол отбасы аптасына 3 рет сауда нысандарына, дәріханаларға, банктерге және медициналық ұйымдарға бара аладды. Жасыл түсті өткізу қағаздарына күнтізбенің жұп сандарына түскенде рұқсат етілсе, ақ түсті өткізу қағаздары күнтізбенің тақ сандарына түскенде ғана қалада жүругеа рұқсат береді
Айта кетейік, зірше ол қағаздар тұрғындарға берілген жоқ.