ШҚО-да "Nur Otan" мүшесі мектеп мұғалімін соққыға жықты

0
1 750

Ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған.


ШҚО-да

ERNUR.KZ. Тарбағатай аудандық мәслихат депутаты Сержан Омарбеков дауға қалды, деп жазады zakon.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сенсек, "Nur Otan" мүшесі, Тарбағатай ауданының "құрметті азаматы" өз атағына лайық емес тірлігімен көзге түсті.

1 сәуірде сағат түскі 12 шамасында Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Өмірхан Қанағатовты аудандық мәслихат депутаты, "Nur Otan" партиясының мүшесі, Тарбағатай ауданының ат спорты мектебінің директоры, педагог, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Омарбеков Сержан Көкенұлы "сен неге аудан мәселесін көтересің" деп мектепке келіп, НВП кабинетінде соққыға жыққан, делінеді жазбада.