ШҚО-да өздерін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды

0
2 295

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


ШҚО-да өздерін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтарға қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«102» жедел арнасына қоңырау шалған 54 жастағы азамат алаяқтардың құрбаны болып қала жаздағанын айтқан. Белгілі болғандай, өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырған екі бейтаныс адам оның атына 32 000 теңге мөлшерінде онлайн несие алмақ болды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 30 және 43 жастағы екі ер адамды ұстады. Олардың бірі бұрын сотты болған», - деп жазылған хабарламада. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.