​Ішімдікке масайған келіншек сәбиін өлтіріп алды

0
1 619

28 жастағы анасы 5 айлық баласын өлтіріп алған.Жас ана ішімдікке мас болған. Емізіп отырып келіншек ұйықтап кеткен, оянып қараса баласы өліп қалған екен


​Ішімдікке масайған келіншек сәбиін өлтіріп алды

Мас күйінде бала емізген келіншек сәбиін тұншықтырып алды. Оқиға Қостанай облысы Сарыкөл ауданында орын алған. Жергілікті полиция бөлімшесіне жеке үйде бала мәйіті табылғандығы туралы мәлімет түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ liter.kz сайтына сілтеме жасап.

«28 жастағы анасы 5 айлық баласын өлтіріп алған. Жас ана мас халде болған. Емізіп отырып, ұйықтап кеткен. Оянғанда қараса баласы өліп қалған екен», - деді Қостанай облысы ІІД өкілдері.

Полицейлер ҚР ҚК 104 бабы «Абайсызда адам өлтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.