Әріптестер, өткен жылдың аяғында мен Facebook желісінде парақшамды, азаматтардың ұсынысы мен шағымдары үшін жеке почтамды аштым.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев әріптестерін әлеуметтік желілерде парақша ашуға шақырды, деп жазады Tengrinews.kz."Әріптестер, өткен жылдың аяғында мен Facebook желісінде парақшамды, азаматтардың ұсынысы мен шағымдары үшін жеке почтамды аштым. Осы уақыт аралығында мынадай тұжырымға келдім, бүгінгі әлеуметтік желілер - байланыстың маңызды арнасы, олардың теңдесі жоқ, тіпті дәстүрлі БАҚ-тан да асып түскен", - деді Шпекбаев ведомстводағы әріптестеріне."Орталық аппарат департаменттерінің, агенттіктің өңірлік бөлімдерінің басшыларына Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашуды тапсырамын. Бұл азаматтардың нақты проблемаларын бақылап отыруға мүмкіндік береді және жұмысымыздың ашықтығын қамтамасыз етеді. Әрқайсыңыз мінсіз имиджге қызығушылық танытасыздар деп ойлаймын. Желіде жемісті жұмыс істейміз деп үміттенемін", - деді Алик Шпекбаев. Ведомство басшысының айтуынша, агенттік қызметкерлерінің басым бөлігінің жұмысы таяуда цифрлық жүйеге ауысады."Азаматтардың сұранысы артып келеді. Дамыған елдердің бірқатарында мемлекеттік органдар ресми жауаптарын әлеуметтік желі арқылы береді. Біз де жоспарлы түрде соған келе жатырмыз", - деді Шпекбаев.