Қала сыртындағы тас жолдарда 200-ден астам техника жұмыс істеуде.
ERNUR.KZ. Соңғы үш күнде ШҚО аумағында қарлы боран соғып, барлық бағытта тас жолдар жабылды. Төтенше жағдай қызметі жолда қалған 200-ден астам адамды құтқарды, деп жазады baq.kz.
Құтқарушылар Бородулиха және Шемонаиха аудандарында, Өскемен-Семей тас жолында қар құрсауында қалған 150 автокөлікке көмекке келді.Сондай-ақ, Көкентау ауылдық округінде бір отар малымен боранда адасып кеткен қойшыны іздеп тапты.
Қазір қала сыртындағы тас жолдарда 200-ден астам техника жұмыс істеуде.