Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жабылды

0
592

Күн райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолы жабылды.


Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жабылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдардың бірі жабылды, деп жазады sputnik.kz.

"24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін "Семей-Курчатов" тасжолының 4-130 шақырымы және "Семей-Қарауыл" тасжолының 4-182 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын.