Шымкент - Алматы пойызының жолсерігі әйелді босандырып алды

0
1 376

Жас келіншек жүктіліктің соңғы айында пойыздың 16-шы вагонында кетіп бара жатқан.


Шымкент - Алматы пойызының жолсерігі әйелді босандырып алды

ERNUR.KZ. 2019 жылы 14 қаңтарда Шымкент - Алматы-2 пойызының жолсеріктері Шымкент тұрғыны Аүйгүл Жүзбаеваның дүниеге сәби алып келуіне көмектесті, деп жазады тengrinews.kz.

Жас келіншек жүктіліктің соңғы айында пойыздың 16-шы вагонында кетіп бара жатқан. Пойыз Түлкібас станциясынан қозғалған уақытта Айгүлдің толғағы басталған. Жолсерік Дәурен Байменов және пойыз бригадасының басқа да жұмысшылары қажетті көмек көрсетіп, әйелді сәтті босандырған.

Сол күні Тараз станциясында босанған әйелді медициналық жедел жәрдем бригадасы күтіп тұрған. Анасы мен баласы жергілікті перинаталдық орталыққа жеткізілген. Қазіргі уақытта екі жолаушы да өзіндерін жайлы сезінеді және үйге қайтатын уақытта күтіп жатыр екен.

"Мен жолсерікке алғысымды білдіремін. Дүниеге қыз бала келді. Барлығы жақсы. Темір жол қызметкерлерінің барлығына алғысымды білдіремін", - деп жазады баспасөз қызметінің өкілдері әйелдің сөзін.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" филиалының директоры Асқар Шүкірбековтің айтуынша, пойыз басшысы Нұрманәлі Нұрманбект пен жолсерік Дәурен Байменовқа мадақтама беріледі. Пойыз бригадаларының жұмысшылары үшін әрдайым алғашқы көмек көрсету және стандарттан тыс жағдайларда әрекет ету тренингтерін өткізіліп тұрады. Өткен жылы, компания мәліметінше, пойызда 10 бала дүниеге келген.