Шымкент-Алматы рейсінде баланың жағдайы нашарлап, жеткен соң көз жұмды

0
483

​Бала анасымен бірге 9 шілде күні Шымкент-Алматы бағытындағы КС 972 рейсінің бортына отырды. Ұшақ көтерілген кезде өзін жайсыз сезінді.


Шымкент-Алматы рейсінде баланың жағдайы нашарлап, жеткен соң көз жұмды

ERNUR.KZ. Шымкент-Алматы рейсі кезінде борттағы 9 жасар баланың жағдайы нашарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бала анасымен бірге 9 шілде күні Шымкент - Алматы бағытындағы КС 972 рейсінің бортына отырды. Ұшақ көтерілген кезде өзін жайсыз сезінді. Экипаж оны оттегі баллонына қосты. Бала осылай 30 минут тыныс алды", - деді әуе компаниясында.

Ұшақ төмендеген кезде жолаушы есінен танып қалды.

"Экипаж ұшақ төмен түскен кезде де, қонған кезде де жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Дефибриллятор да қолданылды. Әуежайда бала дәрігерлерге табысталды. Алайда, өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Аir Astana баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - деді әуе компаниясында.