Күдіктіге Абай аудандық соты тарапынан екі айға қамауға алу туралы сот санкциясы берілді
ERNUR.KZ. Шымкентте 9 жасар қызға зорлық әрекеттерін жасаған күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент қалалық Тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«1960 жылы туған Өзбекстан Республикасында туған, қазіргі таңда Шымкент қаласында тұратын күдіктіге Абай аудандық соты тарапынан екі айға қамауға алу туралы сот санкциясы берілді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабы 4 бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша іс қозғалған",- дейді судья Сержан Айнабеков.
Айта кетейік, дәл осындай тағы бір жағдай шілде айында тіркелген болатын. Онда да өгей әкесі 14 жастағы жасөспірімді ішімдік ішкізіп, зорлауға әрекеттенген. Алайда қыздың анасы полицияға арызданып, зорлау әрекетінің алдын алған.