Шымкенттің экс-әкімі Президент әкімшілігіне қызметке тұрды

0
1 500


Шымкенттің экс-әкімі Президент әкімшілігіне қызметке тұрды

Нұрлан Сауранбаев, Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды",-деп жазады хабарламада.

Естеріңізде болса, Нұрлан Сауранбаев 2017-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарған еді.

Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы 1967 жылы 20 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1991 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін, 2001 жылы - ЭНИ-Аджип мұнай өнеркәсібінің оқу орталығын бітірген. Мұнайды басқару магистрі.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласында «Еңбек» ЖШС-ның директоры лауазымынан бастады, 1997 жылға дейін директор лауазымын атқарды. 1997 - 1998 жылдары – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры. 1998 - 2000 жылдары – «Қазақстан Темір Жолы» РМК «Жолаушылар тасымалы» ЕМК директоры. 2000 - 2001 жылдары - «АМӨЗ» ААҚ бірінші вице-президенті. 2001 - 2002 жылдары - «Қазақойл» ННК ЖАҚ «АМӨЗ» ААҚ қайта құру жобасын басқару жөніндегі топтың басшысы, бас менеджер. 2002 - 2004 жылдары - «ҚазМұнайгаз» ҰК ЖАҚ инжинирингілік және сервистік жобалар департаментінің директоры. 2004 - 2007 жылдары - «ТеңізСервис» ЖШС-ның вице бас директоры. 2007 - 2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарушы директоры. 2010 - 2011 жылдары - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Басқарма бастығы орынбасарының көмекшісі. 2011 жылғы қаңтар-мамыр айларында - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның басқарушы директоры. 2011-2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. 2014 жылдың тамыз айынан ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болды. 2015 жылдың қаңтар айында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Ал, 2017 жылы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастыру сұрақтары бойынша комитетінің штабына жетекшілік етті.