«СҚ-Фармация» 2021 жылға қажет дәрі-дәрмек қорын сатып алып жатыр

0
685

Республика бойынша дәрі-дәрмек қорын сақтайтын 4 хаб бар.


«СҚ-Фармация» 2021 жылға қажет дәрі-дәрмек қорын сатып алып жатыр

ERNUR.KZ. Елімізде 2021 жылға арналған дәрі-дәрмек қоры сатып алынуда. Ол туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«COVID-19 індетінің екінші толқынына қатысты айтар болсақ, біз әлемдегі және елдегі жағдайға күнделікті талдау жүргізіп, болжам жасап отырмыз. Соның негізінде бүгінде 2021 жылға қажетті дәрі-дәрмек қорын сатып алудамыз. Ал биылға жыл соңына дейін дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Тағы бір ерекше айтып өтетін жайт, біздің алдымызға елдің «СҚ Фармацияға» деген сенімін қайтару міндеті қойылды. Осы орайда ұйым жанынан қоғамдық кеңес құрдық. Оның құрамында депутаттар, құзырлы орган өкілдері мен қоғам белсенділері бар. Одан бөлек, халық тарапынан келіп түскен сұрақтар мен өтініштерге күнделікті жауап береміз. Яғни, біз жұмысымыздың ашықтығын көрсету мақсатында қоғамдық бақылауға дайынбыз», - деді Е. Есқалиев.

Аталған ұйым басшысының мәлімдеуінше, республика бойынша дәрі-дәрмек қорын сақтайтын 4 хаб бар. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қаласында орналасқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «СҚ-Фармация басшысы» Ерхат Есқалиев қазіргі таңдағы елдегі дәрі-дәрмек қорына қатысты мәліметті бөліскен болатын.