"СК-Фармация" қоймасын тексергендер ковидке арналған 12 түрлі дәрінің жоқ екенін анықтады

0
771

Қазір 8,2 миллиард теңге тұратын дәрінің 44 түрін сатып алу процесі жүріп жатыр.


ERNUR.KZ. "СҚ-Фармация" қоймаларында коронавирусқа арналған 12 түрлі дәрі-дәрмек жетіспейді. Бұл туралы "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Мирас Шекенов айтты, - деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, 26 қазанда "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында елордалық антикор қызметі, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, қалалық әкімдік, " Қазақстандағы Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы" ЗТБ филиалының мамандары "СҚ-Фармация" ЖШС қоймаларындағы қорды тексеріп көрген.

Қазір 8,2 миллиард теңге тұратын дәрінің 44 түрін сатып алу процесі жүріп жатыр. Бұл бір ай ішінде 60 мың науқасты емдеуге көмектеседі. "СҚ-Фармацияның" мәліметінше, қорда 44 түрлі дәрі болу керек.

"Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 дәрі түрі жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің келісімшарты мүлде табылмады", - деді Мирас Шекенов.

"СҚ-Фармация" өкілі Салиевтің айтуынша қорда болуы тиіс дәрілік зат осы жылдың 20 қарашасына дейін жеткізілуі керек", - деді Шекенов.