СҚО-да демалыс күндердегі шектеулер алынады

0
789

Желтоқсан айының ортасына қарай демалыс және мереке күндеріндегі локдаун алынуы мүмкін.


СҚО-да демалыс күндердегі шектеулер алынады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы эпидахуал жақсарып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін коронавирус жұқтырғандардың 94%-і жазылып шықты. Егер ары қарай да жағдай оңала түссе, арнайы шектеулер алынады. Бұл жөнінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Оның айтуынша, стационардағы төсек-орындардың 36%-де ғана науқастар жатыр. Яғни, қалыптасқан жағдай денсаулық сақтау жүйесіне салмақ салған жоқ.


«Сондықтан желтоқсан айының ортасына қарай демалыс және мереке күндеріндегі локдаунды алуды және облыс орталығындағы шектеу шараларын жеңілдетуді жоспарлап отырмыз» - деді Құмар Ақсақалов