Жыл басынан СҚО-да 7 адам суға кетті, оның үшеуі – бала.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 8 жасар қыздың денесі 5 күннен кейін Есіл өзенінен табылды, деп жазады Stan.kz.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең сағат 7.35 минут кеткенде Есіл ауданы Покровка елді мекенінен 7 шақырым жерде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 8 жасар қыздың денесін Есіл өзенінен алып шықты.
2012 жылы туған қыз 8 маусым күні Покровка ауылында жоғалып кеткен еді. Қыздың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жалпы жыл басынан СҚО-да 7 адам суға кетті, оның үшеуі – бала.
СҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: арнайы жарақтандырылған орындарда ғана суға шомылуға болады, жалғыз және қараңғыда суға шомылуға бармаңыз, балаларды жалғыз өздерін өзен-көлдерге жібермеңіз. Бұл ескерту алдағы күндері аса маңызды, өйткені СҚО-да 13-15 маусым аралығында қатты ыстық болмақ, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар.