СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді - оқиғаның мән-жайы

0
2 421

​Полицияда кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасау ерекше бақылауда екенін атап өтті. Аса ауыр қылмыс санатына жатады.


СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді - оқиғаның мән-жайы

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 16-дағы бозбала 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады sputnik.kz.

Жәбірленушінің тәтесі кінәліні жазалауды талап етіп, үндеу жариялады.

"Мен Ясновка ауылының тұрғынымын. 10 жасар бауырымды 16 жастағы бозбала зорлады. Явленка аудандық полиция бөлімі арызды жанжалмен қабылдады. Петропавл қаласында сараптама тағайындалды. Бауырымды тексерген кезде жәбірлеу фактісі анықталды. Енді қорытындыда еш жағдай болмағаны айтылған", - деді әйел.

Оның айтуынша, бозбаланың өзі зорлық болғанын мойындаған. Әйел іс тоқтап қалып, күдікті тиісті жазасын алмайды деп қорқады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қаралып жатқанын хабарлады.

Тиісті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицияда кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасау ерекше бақылауда екенін атап өтті. Аса ауыр қылмыс санатына жатады.

Болған жағдайды айтып, қоғамдық резонанс тудырған әйел де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚК 423-бабы 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету") сәйкес, 2 АЕК (1 АЕК - 2 917 теңге) айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.