Комиссия кеңесі Одақ шеңберіндегі интеграциялық процесттерді реттейді және Комиссия жұмысына жетекшілік етеді.
ERNUR.KZ. "ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан өкілі болып тағайындалды, деп жазады ҚР Қаржы министрлігі баспасөз қызметі.
Аталған бұйырыққа Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды", - делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетейік, Комиссия кеңесі Одақ шеңберіндегі интеграциялық процесттерді реттейді және Комиссия жұмысына жетекшілік етеді.
Комиссия кеңесінің құрамына заң жүзінде тиісті құзыреттері бар Одаққа- мүше мемлекеттердің Премьер-министрлерінің орынбасарлары кіреді.