Смайылов сауда комитетінің басшысын қызметінен босатуды тапсырды

0
362

Осы жылдың 10 айында азық-түлік инфляциясы 20,5%-ға жеткен.


Смайылов сауда комитетінің басшысын қызметінен босатуды тапсырды

ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері басшылығының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады zakon.kz.

Осы жылдың 10 айында азық-түлік инфляциясы 20,5%-ға жеткен.

Өткен айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 0,8%-ды құрады. Атап айтқанда, жұмыртқа 7,6%-ға, ұн 3,9%-ға, күріш 3%-ға, сүт 2,2%-ға қымбаттады. Сонымен қатар бір апта ішінде сәбіз (0,8%), картоп (0,6%), қант және қырыққабат (0,1%) құны төмендеген.

Азық-түлік өнімдерінің көлеміне бағаны тұрақтандыру үшін астықты, жемшөп базасын және күнбағыс майын арзандату мәселесі жоспарлануда. Бұл ретте жұмыртқа, өсімдік майы, күріш сияқты жекелеген тауар позициялары бойынша нарық субъектілерінің жосықсыз әрекеттері байқалады.

Абай облысына барған кезде Семейден 200 шақырым жерде орналасқан құс фабрикалары жұмыртқаны ондығына 360-380 теңгеден сатқан, ал соңғы сатып алушыға ол 600 теңгеден өткізілгені анықталды. Осыған байланысты монополияға қарсы әрекет етудің шұғыл шараларын қабылдау қажет. Сонымен қатар соңғы кездері баспасөзде жекелеген тауар өндірушілердің алдағы уақытта бағаның көтерілетіні туралы мәлімдемелері жариялануда. Бұл ретте тиісті түрде әрекет ету қажет.Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қызанақ, қияр және жұмыртқа бағасының өсу себептерін талдау қорытындылары, сондай-ақ олардың бағасын тұрақтандыру жөніндегі ықтимал шаралар туралы баяндады. Ол кейбір тауар өндірушілер мемлекеттік субсидиялау көлемін ұлғайтуды сұрайтынын атап өтті.