Солтүстік Қазақстан облысында үйден әйел мен ұлының мәйіті табылды

0
887

​Анасы мен баласы иіс тиіп көз жұмды деген болжам бар. Бірақ мамандар сараптама нәтижесін күтіп отыр.


Солтүстік Қазақстан облысында үйден әйел мен ұлының мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жер үйден әйел мен оның ұлының денесі табылды. Өлім себебі анықталып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Төтенше жағдай Тайынша ауданы Донецкое ауылында болды. Үйден екі адамның – 1968 жылғы әйел мен оның 1995 жылғы ұлының мәйіті табылды. Өлім себебі анықталып жатыр, мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Бір нұсқа бойынша анасы мен ұлы иіс тиіп көз жұмған. Десе де мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты.
"Біздің қызметкерлер жұмыс істеп жатыр, өрт зертханасы үйде иіс газы болды ма, жоқ па, соны анықтайды. Бірақ әзірге дөп басып ештеңе айта алмаймыз. Оның үстіне пештің тартпасын тексергенде, ол ашық болған. Сол себепті иіс газы болмауы да мүмкін", - деді Растихин.