Сот Болат Назарбаевты "Барыс" автобазарынан айырды

0
571

Аталған іс 2023 жылдың 17 сәуірінде Қарасай аудандық сотында қаралды.


Сот Болат Назарбаевты

ERNUR.KZ. Алматы облысының прокуратурасы экс-президенттің інісі Болат Назарбаевқа тиесілі "Барыс" автобазары орналасқан жер телімінің сатып алу-сату келісіміне қатысты істің сотта қаралғанын жеткізді, деп жазады zakon.kz.

Аталған іс 2023 жылдың 17 сәуірінде Қарасай аудандық сотында қаралды.

Сотта Қарасай ауданы прокуратурасының жалпы ауданы 37,6 гектар жер телімдерін сатып алу-сату үлгісіндегі келісімін жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандыру туралы шешімі ("Барыс" автобазары) жария етілді.

Азаматтық іс бойынша төрағалық етуші судья - А. Б. Ахметова.

Талапкердің өкілдері - Қарасай аудандық прокуратурасының аға прокурорлары М. Исаев және Д. Райымқұлов.