Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы ҚАЖ департаменті пробация қызметі бөлімінің басшысына пара бермек болған әйел ұсталды. Ол бұл әрекетке сотталған баласы үшін барған, деп жазады ҚазАқпарат.
Белгілі болғандай, әйел адам есептегі баласының қоғамдық жұмыс және бостандығын шектеу түрінде қылмыстықтық жазаны өтеу шартын жеңілдетуге көмектесуі үшін пара беру арылы пробация қызметінің басшысын көндірмек болған.
«Аталған факті бойынша сотталғанның анасына қатысты Ақтау қаласының құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде», - делінген ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi баспасөз қызметі таратқан мәліметте.