Жаңа ақпараттық ресурс 2 ай бұрын өз жұмысын бастаған.
ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаны әшкереледі, деп жазады baq.kz.
Жаңа ақпараттық ресурс жұмыс істегелі бергі 2 ай ішінде 91 жалған хабарламаның теріске шығарылуы жарияланды, ал 37 тақырып бойынша түсініктемелер берілді. Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың, бұрмаланған мәліметтердің басым бөлігі медицина тақырыбы мен әлеуметтік медиа алаяқтықтығымен байланысты болды, - делінген хабарламада.
Stopfake.kz жобасының өзі желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және шатасулар мен түсінбеушіліктердің деңгейін төмендету, сонымен қатар, оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын еске салу үшін жасалды.
Ақпараттық порталдың Telegram-дағы адресі t.me/stopfake_kz. Сондай-ақ редакцияның +7 707 739 5599 Whatsapp нөміріне кез келген деректің дұрыстығын тексеру үшін хабарлама жіберуге болады.