Субсидияны жайдан-жай бере салмауымыз керек – АШМ

0
609

Субсидия барлығына оның ішінде ірі және кіші шаруаға да қолжетімді болуы тиіс.


 Субсидияны жайдан-жай бере салмауымыз керек – АШМ

ERNUR.KZ. Елімізде ауыл шаруашлығы кешенін дамыту бойынша мемлекет тарапынан соңғы 5 жылда 2 трлн теңге несие берілді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Шамиль Осин мәлімдеді.«Бұл қаражат негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын ірі кәсіпорындарға берілген. Осыған қарамастан негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін кіші және жеке шаруалар беріп отыр. Олардың есебінен ауыл шаруашылығы саласындағы ЖІӨ-нің үлесі 7 пайызды құрайды. Президент те өз тапсырмасында шағын кәсіпорындарға субсидия беру мәселесіне басымдық берген болатын. Осы ретте, шағын кәсіпорындарды қолдау үшін министрлік қандай шаралар қабылдайды?», - деген сауал жолдады.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұл мәселені ведомство қарастырып жатқанын айтты.

«Кінә ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерде емес, заң шығарып отырған бізде. Қазір осы іс бойынша көптеген түйткілді мәселе туындап отыр. Осы ретте, құжат толтыру мәселесін жеңілдетуді жолға қойып отырмыз. Субсидия барлығына оның ішінде ірі және кіші шаруаға да қолжетімді болуы тиіс. Ал мал басы саны аз болған сайын, рентабельділік жоғары, шығын көп. Осы ретте, түсінікті шарт қоя білу керек. Субсидияны жайдан-жай бере салмауымыз керек. Мысалы, беретін өнім көлемі жоғары болуы тиіс», - дейді министр.