Сұйытылған газ, электр қуаты мен көмір бағасы көтеріледі

0
582

Шілдеден бастап елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды.


Сұйытылған газ, электр қуаты мен көмір бағасы көтеріледі

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі келесі жылға дейінгі шекті бағаны бекітті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шекті бағасы 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылдың 30 маусымын қоса алған кезеңге 1 тоннасы үшін 33 600 теңге мөлшерiнде бекітілсін. Бұл – тауар биржаларынан тыс өткізілетін және құн салығын есепке алмағандағы газдың шекті бағасы», - делінген бұйрықта .

Қазір сұйытылған газ бағасының шекті мөлшері – 28 000 теңге. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі электр энергиясы мен көмір құнының да өсуі мүмкін екенін хабарлады.

«Электр энергиясын өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім берді. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап бағаның өсуі болжанып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Богатырь-Көмір разрезіндегі көмір бағасы 30%-ға өсуі мүмін», - делінген құжатта.

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Үкімет газдың шекті бағасына қатысты 180 күндік мораторий жариялаған еді.