Дмитрий Михайлович сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық тағайындаулар болды, деп жазады Sputnik.kz.
Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.