«Сыйлық алмаймын» деген хештегке қатысқан шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

0
2 132

Мектеп директорларынан қамқорлық көрсеткені үшін бірнеше мәрте пара алған.


«Сыйлық алмаймын» деген хештегке қатысқан шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. «Сыйлық алмаймын» деген хештегке қатысқан шенеунік пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 31 арна.

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев жаңа жыл қарсаңында желідегі «Мен сыйлық алмаймын» деген хэштегпен өткен флешмобқа қатысқан еді. Алайда ол пара алған болуы мүмкін деген күдікке ілініп отыр. Ол жақында өз еркімен қызметінен кеткен екен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, әкімнің орынбасары болған Дәулетжан Деменбаев мектеп директорларынан қамқорлық көрсеткені үшін бірнеше мәрте пара алған болуы мүмкін деген күдікке ілінген.

Ал Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Ұйғыр ауданы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары болған Дәулетжан Деменбаев таяуда ғана өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді.